» » Кезектен тыс сессия отырысы өтті

Кезектен тыс сессия отырысы өтті

VIII шақырылымдағы Қармақшы аудандық мәслихатының кезектен тыс 14-сессиясы өтті. Сессия отырысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: 1. «Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №105 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
2. Қармақшы ауданының әкімшілік – аумақтық басқару схемасын бекіту туралы;
3. Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 ақпандағы №138 «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4. Қармақшы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 тамыздағы №256 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, сонымен қатар ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5. Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №122 «Қармақшы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы;
6. Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №270 «Қармақшы аудандық округтік сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
7. Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №123 «Қармақшы аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Күн тәртібіне шығарылған 7 мәселенің барлығы жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Сессия отырысы тікелей эфирде аудандық мәслихаттың Facebook парақшасында көрсетілді.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

24 ақпан 2024 ж. 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 377
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 152

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930