» » Келелі мәселе келісіп шешіледі

Келелі мәселе келісіп шешіледі

Жақында Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ә.Құлдүйсеновтің төрағалығымен кеңес отырысы өтті.
Оған аудандық мәслихаттың төрағасы Ә.Қошалақов, аудан әкімінің орынбасары А.Әнуар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Н.Сүлейменов, («ZOOM» платформасы арқылы онлайн), аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, кент, ауылдық округі әкімдері және күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер бойынша Жосалы кенті әкімі А.Досмұратов, аудандағы «Мансап» орталығының филиал директоры О.Мұнарбаев, аудандық ветеринариялық стансасы ШЖҚ КМК-ның директоры Н.Бисенбаев, аудандық санитарлықэпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Төлепбергенова, аудандық тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Татишов, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мекемелердің басшылары, жауапты қызметкерлердің есептері мен хабарламалары тыңдалып, талқыланды.
Атап айтқанда, бірінші мәселе бойынша «Жосалы кенті әкімінің қоғамдық жұмыспен қамтылғандардың жұмысын үйлестірудегі және олардың еңбек тиімділігін арттырудағы есебі» тыңдалды. Сонымен қатар «Қармақшы аудандық ветеринариялық стансасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының аудандағы атқарып жатқан жұмыстары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен нәтижелі жұмыс жасаудағы атқарылған жұмыстары туралы есебін беру кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Н.Сүлейменов «ZOOM» платформасы арқылы онлайн қатысып отырды.
Күн тәртібіндегі тыңдалған есептер талқыланып, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныспікірлерін білдірді.
Кеңес отырысында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Қармақшы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы мақұлданып, келісім берілді.
АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ
30 қыркүйек 2024 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031