» » Жұмыс жоспары талқыланды

Жұмыс жоспары талқыланды

qarmaqshy-tany.kz Жосалы кенті әкімшілігінің мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтің төрағалығымен кеңес отырысы өтті.
Отырыста аудандық мәслихат хатшысы Ә.Қошалақов, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Н.Сүлейменов "ZOOM" платформасы арқылы онлайн қатысты. Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры О.Мұнарбаев, аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Б.Шерниязов, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Е.Еркебаев, Ақжар ауылдық округі әкімі Н.Тұрсынбаева, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Пірназаров, күн тәртібіндегі мәселеге байланысты бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері түйіткілді мәселелерді талқылады.
Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының, мемлекеттік сатып алу бөлімінің, жастар ресурстық орталығының басшылары атқарылып жатқан жұмыстарының есебін беріп, мәселелерді жан-жақты талқылап, аудандық халықты жұмыспен қамту және аудандық жастар ресурстық орталығына қоғамдық кеңес тарапынан тиісті ұсыныстар берілді.
Қоғамдық кеңес қарауына ұсынылған аудандық жер қатынастары бөлімінің «Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылының шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы» аудан әкімдігінің және аудандық мәслихатының бірлескен қаулы және шешім жобасы, сол сияқты аудан әкімінің «Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 12 қарашадағы No25 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» және Қармақшы ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің «Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақжар ауылының келесі құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» шешім жобалары мақұлданып, келісім берілді.
Жиын соңында аудандық қоғамдық кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
"Қт" ақпарат
24 желтоқсан 2022 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031