Кеңес отырысында келелі мәселелер

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мекемелердің басшылары мен жауапты қызметкерлердің есебі тыңдалып, талқыланды. Жиын барысында «Қармақшы аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының денсаулық сақтау саласы бойынша аудандағы атқарып жатқан жұмыстары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен нәтижелі жұмыс жасаудағы атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Кеңес отырысында «Қармақшы аудандық полиция бөлімімен аудан көлемінде қылмысқа қарсы күресті күшейтуге, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атқарып отырған жұмыстары және Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы No802 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының» орындалу барысы туралы» есебі жасалды. Сонымен қатар «Ауданда халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің жай-күйі туралы» «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесімен атқарылып жатқан жұмыстары көтерілді.
Баяндамалар негізінде көтерілген мәселелер бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен талқыланып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Мұнан өзге «Қармақшы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 мамырдағы No167 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы, сонымен бірге «Қармақшы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 маусымдағы No68 «Қармақшы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» және «Қармақшы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» аудан әкімдігінің қаулы жобалары мақұлданып, келісім берілді.
Аудандық қоғамдық кеңес