ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР СЕССИЯ ҚАРАУЫНДА
Бейсенбіде Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында VIII шақырылымдағы аудандық мәслихатының кезекті 27-сессиясы өтті.
Оған аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, кенттер мен ауылдық округі әкімдері, кірістер басқармасы, мекеме басшылары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияға аудандық мәслихаттың төрағасы Әділ Үсенұлы төрағалық етті.
Оның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Атап айтқанда, бірінші мәселе бойынша «2025-2027 жылдарға арналған аудандық, кенттер мен ауылдық округі бюджеттері туралы», екінші мәселе бойынша «Кент, ауылдық округі әкімдерінің 4-деңгейлі бюджеттері туралы», үшінші мәселе бойынша «Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы No160 «Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», төртінші мәселе бойынша Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы No161 «Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», сондай-ақ бесінші мәселеде «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы No358 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», алтыншы мәселеде «Қызылорда облысы Қармақшы ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024- 2028 жылдарға арналған бағдарламасын» бекіту туралы, жетінші мәселеде Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы No123 «Қармақшы аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы және сегізінші мәселеде «Аудандық мәслихаттың 2025 жылдың І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» мәселелер қаралды.
Сессияның күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.
Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді.
Қармақшы аудандық мәслихаты