ӘРБІР МӘСЕЛЕ – ӨЗЕКТІ
Жақында Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтың төрағалығымен кеңес отырысы өтті.
Оған аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Ә.Сәкен, «ZOOM» платформасы арқылы, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер бойынша аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ж.Омаров, Қармақшы ауданының «Мансап» орталығының филиал директорының міндетін атқарушы Е.Смайлов, Байқоңыр қаласының «Мансап» орталығының филиал директорының міндетін атқарушы А.Бержанова, Жосалы кенті әкімі А.Досмұратов, Жосалы кенті әкімінің орынбасары Н.Шәкенов, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Омаров, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Жылтыров, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралып, талқыланды.
Бірінші мәселе бойынша Қармақшы ауданы «Мансап» орталығының филиал директорының міндетін атқарушы Е.Смайлов «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Қармақшы ауданының «Мансап» орталығы филиалының атқарып жатқан жұмыстары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен нәтижелі жұмыс жасаудағы есебі», екінші мәселе бойынша Байқоңыр қаласының «Мансап» орталығының филиал директорының міндетін атқарушы А.Бержанова «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Байқоңыр қаласының «Мансап» орталығы» филиалының атқарып жатқан жұмыстары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен нәтижелі жұмыс жасаудағы есебі» тыңдалса, үшінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Ниматулла «Аудандық бюджеттің атқарылуы жайлы жылдық есеп», төртінші, бесінші, алтыншы мәселелер бойынша Жосалы кентінің әкімі А.Досмұратов «Жосалы кенті әкімінің тұрғындарды аяқсумен қамтамасыз етуде, көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізуде атқарып отырған қызметтері және алдағы перспективалық жобалары», аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ж.Омаров «Қармақшы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесін бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 қарашадағы №47 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы» және «Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы №47 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы» хабардар етті.
Сондай-ақ жетінші мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Омаров «Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылының шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы» бірлескен Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы және Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы», сегізінші мәселеде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Жылтыров «Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы №145 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы» хабарлама жасады.
Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларының есептері мен хабарламалары тыңдалып, талқыланып, аудандық қоғамдық кеңес тарапынан шешімдер қабылданды. Кеңес мүшелерімен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Е.Назарқұлов Жосалы кентінде тұрғындарды аяқсумен қамтамасыз етуде орын алып отырған кемшіліктерге тоқталып, оны жақсарту жөніндегі ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кеңес отырысында аудандық мәслихаттың шешім жобалары мен бірлескен аудан әкімдігінің қаулы және аудандық мәслихатының шешім жобасына келісім берілді.
Аудандық қоғамдық кеңес