» » Маңызды мәселелер талқыланды

Маңызды мәселелер талқыланды

Жақында Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтің төрағалығымен кеңес отырысы өтті. Оған аудандық мәслихаттың төрағасы Ә.Қошалақов, аудан әкімінің орынбасары С.Смағұлов қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Әбдіқасов, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, бірінші мәселе бойынша «Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы No105 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Ниматулланың, екінші және үшінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қармақшы аудандық отбасын қолдау орталығына ғимарат сатып алу туралы» ұсынысы жайлы, сондай-ақ «Қармақшы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Әбдіқасовтың хабарламалары тыңдалды.
Кеңес отырысында «Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы No105 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Қармақшы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобалары мақұлданып, келісім берілді.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Аудандық отбасын қолдау орталығына ғимарат сатып алу туралы» ұсынысы жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етуіне байланысты қоғамдық кеңес отырысында қайта қаралатын болды.
Аудандық Қоғамдық кеңес
12 қазан 2024 ж. 370 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 090
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 748

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031