» » КЕҢЕСТЕ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

КЕҢЕСТЕ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Осы аптада Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Оған аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ә.Құлдүйсенов төрағалық етті.
Күн тәртібінде төрт мәселе талқыланды. Алғашқы мәселе бойынша Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғабит Кенжеғұлов есеп беріп, бөлім тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы, олардың қолжетімділігі мен нәтижелілігі жөнінде кеңінен мәлімет берді. Кеңес мүшелері саладағы жұмыстардың барысын талқылап, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Келесі кезекте «Қармақшы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №224 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасы қаралды. Аталған мәселе бойынша да аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғабит Кенжеғұлов хабарлама жасап, енгізілетін өзгерістердің маңыздылығына тоқталды.
Жиында сондай-ақ елді мекендердің көше атауларын ретке келтіру мәселелері де қаралды. «Жосалы кентінің көшесіне атау беру туралы» шешім жобасы жөнінде Жосалы кенті әкімінің орынбасары Берік Сәден баяндама жасаса, «Қуаңдария ауылының көшесіне атау беру туралы» шешім жобасын Қуаңдария ауылдық округінің әкімі Ардақ Аймырзаев таныстырды.
Кеңес отырысында күн тәртібіндегі мәселелер жанжақты талқыланып, тиісті сала басшыларының есептері тыңдалды. Нәтижесінде аудандық қоғамдық кеңес тарапынан бірқатар шешім қабылданды. Атап айтқанда, тұрғын үй көмегіне қатысты мәслихат шешіміне енгізілетін өзгерістер, сондай-ақ Жосалы кенті мен Қуаңдария ауылындағы көшелерге атау беру жөніндегі шешім жобалары мақұлданып, келісім берілді.
Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесі
24 мамыр 2026 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

№37 (10505)

19 мамыр 2026 ж.

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 170
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031