» » ECO ART: ТАБИҒАТ ПЕН ӨНЕР ҮНДЕСТІГІ

ECO ART: ТАБИҒАТ ПЕН ӨНЕР ҮНДЕСТІГІ

Аудандық оқушылар үйінде «Eco Art: табиғат пен өнер үндестігі» тақырыбында ерекше эко-арт шеберханасы ұйымдастырылды. Шығармашылыққа толы шара оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Шарада оқушылар табиғи материалдар мен тұрмыста пайдаланылған түрлі заттарға жаңа өмір сыйлап, олардан сан алуан сәндік бұйымдар мен өнер туындыларын жасады. Балалардың қиялы мен шеберлігі ұштасқан әрбір жұмыс табиғатты қорғауға деген жауапкершіліктің жарқын көрінісіне айналды.
«Табиғат – ең ұлы суретші» десек, жас өнерпаздар сол табиғаттың сұлулығын өз еңбектері арқылы өнер тілімен жеткізе білді. Эко-арт шеберханасы оқушыларға қоршаған ортаны қорғау тек үлкен істерден емес, күнделікті қарапайым әрекеттерден басталатынын ұғындырды.
Осындай шығармашылық әрі тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың өнерге деген қызығушылығын, қиялын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Жас экологтар мен жас таланттарға алдағы қадамдарына сәттілік тілейміз. Аудандық оқушылар үйі балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, табиғатты аялауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі бастамаларды алдағы уақытта да жалғастыра береді.
Айгүл ОРДАБЕКҚЫЗЫ,
«Жас эколог» үйірмесінің жетекшісі
26 тамыз 2026 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930