» » ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС – БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БЕЛЕСІ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС – БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БЕЛЕСІ

Әрбір балалық шақтың жарқын естелігіне айналар жазғы демалыс – тек тынығу кезеңі ғана емес, рухани өсу мен шығармашылықтың бастауы. Жыл сайын балалардың жазғы уақытын тиімді өткізуі үшін түрлі бағытта шаралар ұйымдастырылып, олардың танымдық көкжиегін кеңейтуге, белсенділігін арттыруға зор мән беріледі. Осы мақсатта аудандық Оқушылар үйінде де жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.
Жаз – балалар үшін еркіндік пен ерікжігерді шыңдайтын ерекше маусым. Балалар бұл кезде бос уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік алады. Биылғы маусымда да аудандық Оқушылар үйінде «Жас толқын» аулалық клубы өз жұмысын маусым айынан бастап, балалар үшін тәрбиелік мәні зор түрлі шаралар мен үйірмелер ұйымдастырды. Атап айтсақ, Тайшық би көшесіндегі ойын алаңы, Құлмұратов көшесінің ойын алаңы балалардың сүйікті орнына айналды.
Күнделікті жоспар негізінде түрлі флешмобтар, тәрбие сағаттары, спорттық ойындар мен квест-фестивальдар өтті. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында «Қолөнер», «Робототехника», «Ладья» сияқты үйірмелерде де сабақтар өткізілді. Табиғат аясындағы серуендер, экскурсиялар мен челлендждер балалардың есте қаларлық сәттеріне айналды. «Оқушылар үйінде» білім алушылардың демалысын қызықты әрі ерекше өткізу үшін аулаға киіз үй құрылды. Киіз үйдің шаңырағы астында білім алушыларға кітап оқу сағаты ұйымдастырылып, түрлі тәрбиелік және мәдени шаралар өткізілді.
Сонымен қатар оқушылар «Қорқыт ата» мемориалды кешеніне, орталықтандырылған аудандық кітапханаға, аудандық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады. Маусым айы аясында оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында бірқатар мәденитәрбиелік іс-шара кең көлемде ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Қазақстан балалары – бақытты болашақ» тақырыбындағы жазғы жұмыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары С.Смағұлов, білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова және көптеген ата-ана қатысып, «Кітап – білім бұлағы» атты киіз үй ішінде кітап оқу сағаты өтті. Балалар ұлттық киіз үй ішіндегі ерекше атмосферада өздері таңдаған кітаптарды оқып, пікір алмасты.
«Мен есірткіге қарсымын!» тақырыбында аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып спорттық жарыстар ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында түрлі ойындар мен эстафеталар өткізілді. Ұлттық ойындар күні аясында асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ, арқан тарту сынды дәстүрлі ойындар ойнатылып, оқушыларға ұлттық мұралар таныстырылды. Туған өлке танымы атты экскурсия ұйымдастырылып, оқушылар туған жердің тарихымен, табиғатымен танысты.
Сонымен қатар түрлі шығармашылық, интерактивті байқаулар, заманауи, спорттық билер байқауы, сурет және қолөнер бойынша көрмелер, табиғат аясында квест ойындары, кинотаймдар, кездесу кештері, жасөспірімдер мен атааналардың қатысуымен командалық және отбасылық сайыстар ұйымдастырылды.
Аталған іс-шаралар бір ай көлемінде жүйелі түрде ұйымдастырылып, нәтижесінде тәрбиелік шараларға барлығы 1000-ға жуық білім алушы қамтылды. Жазғы демалыс – достыққа жол ашатын, өмірлік құндылықтар дарытатын уақыт. Ауданның «Оқушылар үйінде» өткен әрбір шара бала жүрегіне қуаныш сыйлап, олардың өмірлік бағдарына оң әсер еткені сөзсіз.
Мархабат СМАТОВА,
«Жас толқын» аулалық клубының жетекшісі
29 маусым 2025 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 275
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 430

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031