» » ҮЙРЕТЕРІ КӨП ҮЙІРМЕ

ҮЙРЕТЕРІ КӨП ҮЙІРМЕ

Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілетін жетілдіруге және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Болашақта баланың шығармашыл, кәсіби білікті маман, өмір сүруге қабілетті болуы үшін оқушылар үйінің үйретері көп. Осындай үйірменің бірі – «Фитодизайн». Үйірме білім алушыларды өсімдік әлемімен таныстырып қана қоймай, олардың эстетикалық талғамын, еңбек дағдысын және жауапкершілік сезімін дамытуға ықпал етеді.
Фитодизайн дегеніміз – тірі өсімдіктер мен табиғи материалдарды пайдаланып, қоршаған ортаны көркем әрі үйлесімді безендіру өнері. Үйірмеде оқушылар бөлме өсімдіктерінің түрлерін, олардың биологиялық ерекшелігін, күтіп-баптау және көбейту жолдарын меңгереді. Сонымен қатар өсімдіктерді дұрыс орналастыру, интерьерге сай композиция құрастыру сияқты практикалық дағдыларды игереді.
Үйірменің басты артықшылығы – теория мен тәжірибенің ұштасуы. Білім алушылар гүл отырғызу, суару, топырағын қопсыту, сәндік композициялар флорариумдарды жасау жұмыстарын өз қолдарымен орындайды. Мұндай тәжірибелік сабақтар арқылы олар еңбектің қадірін түсініп, ұқыптылық пен жауапкершілікке үйренеді. Әрбір өсімдікті күтіп-баптау арқылы шыдамдылық пен қамқорлық қасиеттері қалыптасады.
Сонымен қатар үйірме оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда да маңызды рөл атқарады. Түрлі гүл композициясын жасау, табиғи материалдан бұйымдар құрастыру, кеңістікті эстетикалық тұрғыда безендіру олардың қиялын дамытып, көркемдік талғамын жетілдіреді. Әсемдік пен үйлесімділікті сезінуде – үйірме арқылы қалыптасатын негізгі дағдылардың бірі.
«Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық жобасына үйірменің білім алушылары да үн қосуда. Жоба аясында оқушылар табиғатты аялау, жасыл желекті көбейту, құстарға қамқорлық көрсету, қоршаған ортаны қорғау қажеттігін терең түсінеді. Бұл олардың экологиялық мәдениеті мен табиғатқа деген жанашырлығын арттырады.
Бүгінде «Фитодизайн» тек қызығушылық тудыратын үйірме ғана емес, болашақ мамандыққа бағыт беретін маңызды салаға айналып отыр. Үйірмеге қатысатын оқушылардың арасында болашақта флорист, дизайнер, ландшафт маманы, агроном немесе эколог болуға тілек білдіретіндер көп.
Қорыта келе аталған үйірме – балалардың шығармашылық, рухани және экологиялық дамуына зор үлес қосатын маңызды бағыт. Ол табиғатты сүюге, еңбекті бағалауға, әсемдікті тануға және жауапкершілікті болуға тәрбиелейді. Сондықтан бұл үйірме жас ұрпақтың жан-жақты қалыптасуына жол ашатын тиімді тәрбие алаңы болып қала бермек.
Майра ЗҰЛПЫХАРОВА,
оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогі

24 тамыз 2026 ж. 77 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 716
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 165

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31