» » ӘР БАЛА – БОЛАШАҚ ДАНЫШПАН

ӘР БАЛА – БОЛАШАҚ ДАНЫШПАН

Мектептен тыс білім беретін, қосымша білім беру орталығының үйірме жұмысы – әр білім алушы үшін ең пайдалы, тиімді түрі. Үйірменің үйретері көп. Баланың білімінің молаюына, дүниетаным аясының кеңеюіне үйірмедегі жұмыс түрлерінің тигізетін әсері мол. Білім алушылардың ойлау қабілетін арттырып, ізденгіштік дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Шығармашылық қабілетін дамытып, өзіндік зерттеушілігі мен дағдыларын қалыптастырады.
«Жас натуралист» үйірмесінде оқушыларға қоршаған орта мен адам арасындағы қарым-қатынастар, табиғи ортаның бір-тұтастығы, табиғат нысандары, өсімдіктер мен жануарлар туралы алғашқы оң және теріс көзқарастар туралы білім беріледі.
Адамның табиғатқа деген қамқорлығы, туған өлке мен атамекен, тұрмыстық ғимараттар, оның табиғаттан алынып жасалатыны, тұрған мекені мен оның құрауыштарының қажеттілігі туралы ой өрістері дамып келеді. Табиғатты пайдалану кезіндегі теріс іс-әрекеттерін көрсету арқылы олардың табиғатқа деген қамқорлығы, аяушылық сезімдері оянып, өсімдік пен жануарлар дүниесінің адамға қажет екеніне толықтай көздері жетіп, өздерінің тұрғын үйлері және Оқушылар үйі ауласындағы ағаштар мен гүлдерге қамқорлық жасау элементтерін бойларына дарытып келеді.
Әр бала – болашақ данышпан, келешек ғалым, өнертапқыш, суретші немесе көшбасшы. Өйткені әрбір білім алушының бойында ерекше қабілеттер мен шексіз мүмкіндік бар. Бастысы, сол қабілеттерді уақытылы байқап, дамыту үшін дұрыс бағыт бағдар беру – біздің басты мақсатымыз.
Мархабат СМАТОВА,
аудандық Оқушылар үйінің «Жас натуралист»
үйірмесінің жетекшісі
16 ақпан 2025 ж. 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 276
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 575

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031