Үйірме – өнердің бастауы
Қазіргі кезеңде өнермен берілетін тәлім- тәрбие қашанда қоғам дамуы мен жетілуінің аса маңызды алғышарттары болып келеді.
Бүгінгі Жаңа Қазақстан жағдайында барлық білім беру жүйесінде оң өзгерістер іске асырылуда. Балаларға білім беруде, олардың ерекше қабілетін арттыру мен шығармашылық ізденісін қалыптастыруда қосымша білім беру ұйымдарының да маңызы арта түскені анық.
Осы орайда, бүгін білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева кент орталығында орналасқан аудандық оқушылар үйінде болып, балаларға қосымша білім берудегі ұйымның ішкі жұмыстарымен танысты.
Жеке адамның тұлғалық, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, кәсіптік бейімділігін қалыптастыруға, салауатты өмір салты мен жалпы мәдени деңгейін көтеруге, оқушылардың бос уақытын тиімді, мазмұнды ұйымдастыруға, балалардың қажеттіліктеріне сәйкес қоғамдық маңызды, тәрбиелік мәні бар шығармашылық жұмысты ұйымдастыруда, бала бойында бар қабілет, іскерліктері мен дағдыларын дамыту жолында шебер педагогикалық жетекшілікпен жұмыс жасауда оқушылар үйінің маңызы зор.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы «31» тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» туралы ережені басшылыққа ала отырып, бүгінде оқушылар үйінде оқу- тәрбие жұмыстары барысында 28 үйірме 92 топқа жинақталып, 1048 оқушы үйірмеге қамтылып отыр. Аталған үйірмелерге 26 жоғары білімді, 2 арнаулы орта білімді қосымша білім беру педагогтері жетекшілік жасайды. Осы орайда ауданның бас ұстазы білім ордасында балаға беріліп жатқан үйірме жұмыстарының барысын бағамдап, шығармашыл, ізденіс жолында өз қабілетін арттырып жатқан оқушыларға алдағы уақыттарына сәттілік тілеп, білім мен өнердің биік шыңында болуларына тілектестік білдірді.
Сонымен қатар бөлім басшысы балаға білім мен тәрбие берудегі ұстаздарға басты мақсат- нәтижеге жұмыс жасау екендігін міндеттеді.
Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз!