"Қылқалам" сурет үйірмесі ашылды
21 ақпан күні Қармақшы Аудандық балалар кітапханасының "Коворкинг" орталығында "Қылқалам" сурет үйірмесінің ашылуы болды. Қармақшы ОКЖ директоры Күлшара Бөгенбайқызы үйірменің жұмысына сәттілік тілеп, болашақта бірлесіп жұмыс жасап, балалардың бос уақытын тиімді өткізуге , тағы да басқа үйірмелер ашуға оқушылар үйінің директоры Индира Жанайдарқызына ұсыныс білдірді.


Үйірменің мақсаты:
Оқушылардың бойында бейнелеу өнерінің саласы және көркем-шығармашылық іс-әрекеттер барысында жеке тұлға қасиетін дамыту.
Үйірменің міндеттері:
• Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын қалыптастыру;
• Қоршаған ортадағы пішіндер мен түстердің байлығын көрсете білу;
• Эстетикалық талғамдары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
• Ұлттық және әлемдік көркем негіздерімен таныстыру;
• Бояудың түрлері және оларды ажырата алуға дағдыландыру;
• Түстерді дұрыс таңдай білуге, орынды қолдануға дағдыландыру;
• Бейнелеу өнері құралдарын ұқыпты, таза ұстауға дағдыландыру;
• Суретті қағаз бетіне дұрыс орналастыра алу қабілеттерін арттыру;
• Өз ойын жетік және еркін жеткізе білу қабілеттерін арттыру.