Мәслихаттар сайлауы
» » КҮННІҢ ҚАТТЫ ЫСУЫ – ӨРТ ҚАУПІН АРТТЫРАДЫ

КҮННІҢ ҚАТТЫ ЫСУЫ – ӨРТ ҚАУПІН АРТТЫРАДЫ

Жаз мезгілінде ауа температурасының жоғарылауы мен жауын-шашынның аз болуы өрт қаупін едәуір күшейтеді. Әсіресе күннің қатты ысуы салдарынан құрғақ шөптер мен өсімдіктер тез тұтанып, өрттің қысқа уақыт ішінде үлкен аумаққа таралуына себеп болады. Сондықтан бұл кезеңде әрбір азамат өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауы қажет.
Тұрмыста орын алатын өрттердің басым бөлігі қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан туындайды. Электр желілерін шамадан тыс жүктеу, ақаулы электр құралдарын пайдалану, газ жабдықтарын қараусыз қалдыру, сондай-ақ балалардың отпен ойнауы қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.
Күннің аптап ыстығында үй ауласында, бау-бақшада және табиғат аясында қоқыс пен құрғақ шөпті өртеуге жол берілмейді. Темекі тұқылын сөндірмей тастау немесе ашық отты қараусыз қалдыру өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. Үйден шығар алдында электр құрылғылары мен газ жабдықтарының өшірілгеніне көз жеткізіңіз. Балаларға отпен ойнаудың қауіпті екенін түсіндіріп, сіріңке мен оттықты олардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Өрт шыққан жағдайда үрейге бой алдырмай, адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, 101 немесе 112 нөміріне дереу хабарлаңыз.
Қармақшы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды күннің қатты ысуы кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Өрттің алдын алу – әр азаматтың ортақ міндеті. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өз өміріңізді, отбасыңызды және қоршаған ортаны тілсіз жаудан қорғай аласыз.
Данияр БАЙРАХМЕТОВ,
Қармақшы ауданы төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін
атқарушы, азаматтық қорғау капитаны
24 шілде 2026 ж. 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

13 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 338
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 469

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30