» » ӨРТСІЗ ОРТА - ҚАУІПСІЗ ӨМІР

ӨРТСІЗ ОРТА - ҚАУІПСІЗ ӨМІР

Күнделікті тұрмыста жиналатын қоқыстың дұрыс жиналмауы немесе бей-берекет жағылуы қоршаған ортаға ғана емес, адам өміріне де үлкен қауіп төндіруде. Әсіресе жаз мезгіліне қарсы ауа райының құрғақ әрі ыстық болуы өрттің тез таралуына себеп болады. Сондықтан қоқыс өртінің алдын алу – әрбір азаматтың міндеті.
Ең алдымен, қоқысты арнайы белгіленген орындарға ғана тастау қажет. Көп жағдайда адамдар қоқысты кез келген жерге төгіп, оны өртеу арқылы тазартқысы келеді. Алайда мұндай әрекет бақылаусыз қалып, өрттің үлкен аумаққа таралуына әкелуі мүмкін. Әсіресе құрғақ шөп, қағаз, пластик сияқты тез жанатын қалдықтар өрттің қауіптілігін арттырады.
Пластик, резеңке және басқа да синтетикалық заттар жанғанда адам денсаулығына зиянды газдар бөлінеді. Бұл тек өрт қаупін ғана емес, экологиялық мәселелерді де туындатады.
Қоқыс өртінің алдын алу үшін жергілікті билік пен тұрғындар бірлесе әрекет етуі тиіс. Арнайы контейнерлердің жеткілікті болуы, қоқысты уақытылы шығару, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу – маңызды шаралардың бірі.
Сондықтан әр адам қарапайым ережелерді сақтап, өрт қауіпсіздігінің алдын алу маңызды.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
09 сәуір 2026 ж. 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 889
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930