» » Қоқысты бақылаусыз жағу апатқа әкеледі

Қоқысты бақылаусыз жағу апатқа әкеледі

Қазір даланы күнделікті тазарту жұмысында қоқыс пен құрғақ шөпті жағу – кент пен елді мекендерде жеке секторда көптеп жүргізілуде. Алайда тұрмыстық қоқыстан, құрғақ бұтақтардан, жапырақ пен шөптерден құтылудың бұл әдісі қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіріп, қауіп төндіруде. Бұл әдетте талаптарды бұзуға, өрт ошағының пайда болуына әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі Ережелерінің талаптарына сәйкес қоқысты жағу, тек ашық аумақта, желсіз күндерде әртүрлі ғимараттар, құрылымдар және сақталған материалдардан 50 метр қашықтықта және алғашқы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіш, су) бар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Қоқыс жағылатын алаң құрғақ шөп пен жапырақтардан тазалануы керек. Сондай-ақ өртеу жұмысы күндізгі уақытта тұрақты бақылау болған жағдайда ғана жағылуы қажет. Қоқыс жағылғаннан кейін отқа су құйылып, мұқият өшірілуі тиіс. Толық өшірілмеген отты қараусыз қалдыруға тыйым салынады. Қалдық пен қоқыстарды осы мақсат үшін арнайы қашықтатылған жерде өртеу қызмет көрсетуші құрамының бақылауымен жүргізілуі керек.
Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді:
Ашық алаңдардағы қоқысты бақылаусыз жағу үлкен апатқа әкеп соғады. Ауланы тазарту үшін, қоқысты өртеп, оны бақылаусыз қалдыру салдарынан сіз айналаңыздағы қаншама затқа орасан зиян әкелетініңізді түсінгеніңіз абзал. Өрт салдарынан адам өміріне де қауіп төнетінін ескеріңіз. Аулада көктемгі тазарту жұмыстарын жүргізгенде және табиғат аясында демалғанда ашық отты пайдалану кезінде аса сақ болыңыз.
Егер, жоғарыда көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 336-бабына сәйкес жеке тұлғалар мен лауазымды тұлғаларға орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Сол себепті тазалық жұмыстарын жүргізу барысында өрт талаптарын сақтап, қауіпсіздік ережелерін ұмытпаңыз.
Төтенше жағдай орын алғанда 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
22 сәуір 2024 ж. 136 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031