» » Құрғақ шөп пен қоқысты бақылаусыз қалдырмаңыз

Құрғақ шөп пен қоқысты бақылаусыз қалдырмаңыз

qarmaqshy-tany.kz Көп жылдық тәжірибе көрсетіп отырғандай құрғақ, жылы ауа райының басталуымен ауданда халықтың құрғақ шөп пен қоқысты өртеуіне байланысты өрттердің саны өсуде. Көктемнің алғашқы күнінен бастап ауданда 12 жану оқиғасы орын алып отыр. Жылдан жылға бірдей көрініс қайталанады: теміржолдар мен шассенің бойында, егістіктер мен жартастарда сабан мен былтырғы шөптер, қоқыстар жанып жатады.

Сонымен қатар кез келгеніміз, шөпті өртеп жатқан жасөспірімге, көліктен толық сөнбеген темекіні лақтырғанға, табиғатта көңілді отырыстан кейін артын жинастырмай кететін демалушыға, белгіленбеген жерлерде қоқыс жағып, жанып тұрған от қалдырып кететін адамдарға ескерту айтпағандықтан, ондаған жерлестеріміздің жылдар бойы жинаған мүлкін жоғалтуына, баспанасынан айырылуына себепкер болудамыз. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336-бабына сәйкес» өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау» жеке тұлғаларға – 61260 теңге, лауазымды тұлғаларға – 153150 теңге айыппұл салуға әкеп соғады. Өрт сөндірушілер азаматтарды желді ауа райында тұрғын үйлердің, құрылыстың, орман алқаптарының жанында от жақпауға шақырады. Отты қараусыз қалдырмаңыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтаңыздар!
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
02 сәуір 2023 ж. 601 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031