Дала өртіне сақ болайық
Қоршаған орта өртеніп жатса – қорқынышты әрі қауіпті! Әсіресе, орман алқабы мен далалық өрттер.
Сөндірілмеген от, құрғақ шөптер немесе жапырақтарға тасталған сіріңке осындай өрттердің шығуының себебі болып табылады.
Мұндай өрт ошағы елді мекендерде ондаған және жүздеген қашықтықта орын алуы мүмкін болғандықтан, оның таралу, жану ауқымы үлкен көлемді құрайды.
Табиғат аясында өрттерге жол бермеу мақсатында тыйым салынады:
- орман, тоғай және дала алқаптарында сөндірілмеген отты қараусыз қалдыруға, темекі тұқылын немесе шала бықсыған шүберектерді тастауға;
- қалың ну арасында, ағаштардың түбіне, егін алқаптарына, ағаш қоймаларының маңына от жағуға;
- орман, тоғай және дала алқаптарына өздігінен өртенетін заттарды, атап айтқанда: жанармай сіңген шүберектерді, шыны ыдысды тастауға болмайды. Себебі бұл заттар күннің күюімен тез қызып, өрттің шығуына әкеліп соғады;
- орман алқабында, саяжайларда құрғақ шөптерді өртеуге;
- қамыстарды жағуға;
- желді күндері от жағып, оны қараусыз қалдыруға;
- тұрақтан кеткен соң жанып тұрған отты қараусыз қалдыруға тыйым салынады;
Табиғи өрттің орын алуын байқағанда, мүмкіндігінше адамдарды жинап өртті сөндіруге тырысыңыз. Егер өртті дер кезінде сөндіру мүмкін болмаса, дереу қауіпсіз жерге кетуіңіз керек.
Міндетті түрде өрт сөндіру қызметінің 101, 112 нөміріне немесе орман шаруашылығы қызметіне хабарласып өрттің нақты шығу орнын айтуыңыз қажет.
Осындай ауқымды өрт кезінде жол бойына, орманның шетіне немесе орман шетіндегі жыртылған жерлерге, су қоймасы бар аймаққа шығыңыз.
Егер өртеніп жатқан аймақтан шығу мүмін болмаса, түтіннен тұншығып уланып қалмас үшін киімді сумен дымқылдап, тыныс алу мүшеңізді бітеңіз.
Д. Байрахметов,
ауданық төтенше
жағдайлар бөлімінің аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты