» » Орман және дала өртіне сақ болайық

Орман және дала өртіне сақ болайық

Фото
Қазіргі жаз айында өрт қаупі басым. Әсіресе, бұл кезде орман алқаптарын өрттен көздің қарашығындай сақтауға тура келеді. Құрғақ және ыстық ауа райына байланысты өрттің болуы қауіптілігі неғұрлым жоғарылайды. Ауа райының ысып кетуі салдарынан табиғат аясында демалушылардың отты абайсыз қолдануы және басқа да жағдайлардың, өрттің алдын алу шаралары ұйымдастырылады.
Орман және дала алқаптарда өрттер әртүрлі демалыс орнында қараусыз жағылған от шоғынан, сөндірмей тастап кеткен темекі тұқылы, майланған, тез жанғыш заттарды және қоқысты қалдырып кету себептерінен туындайды. Сонымен қатар шыны ыдысты өзімен бірге алып кету керек. Өйткені, күн сәулесі шыны арқылы өтіп, құрғақ шөптерді өртеуі мүмкін.
Табиғатта өрттің себепкері болмас үшін жас ағаштың, қылқан жапырақтарының, бүлінген орман учаскелерінің, шымтезекті батпақтың маңында, қурап қалған шөп орнында, ағаштардың астында отты жақпау керек. Отты тек қана арнайы белгіленген орындарда жағу қажет. Орманнан, дала алқабынан, демалыс орындарынан кеткен кезде отты толық сөндіріп, топырақпен көміп немесе үстінен су құйыңыз.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары, өрттің тілсіз жау екенін және өрт болған жерде көптеген шығын келтіні бәрімізге де белгілі. Осыған орай көктем мен жаз мезгілдері өртке өте қолайлы уақыт.
Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр азаматтың міндеті. Өртті сөндіргеннен алдын алған оңай. Ең бастысы, табиғи өрт пайда болған жағдайда дереу өртке қарсы қызметке 101, 112 телефондарына жедел түрде хабарлауды естен шығармаңыз.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
04 шілде 2024 ж. 493 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930