» » ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӘР ОТБАСЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӘР ОТБАСЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Өрт – адам өмірі мен мүлкіне үлкен қауіп төндіретін төтенше жағдайлардың бірі. Әсіресе тұрғын үйлерде орын алатын өрт оқиғалары көбіне қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан туындайды. Сондықтан әрбір азамат өз үйінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Осыған орай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және аудандық электр тарату торабы мен газ қызметкерлері бірлесіп тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындарға түсіндіру барысында тұрғын үйлерде өрттің шығуына негізінен электр сымдарының ақаулығы, тұрмыстық газ құралдарын дұрыс пайдаланбау, пештерді қауіпсіздік талаптарына сай қолданбау, сондай-ақ ашық отты абайсыз пайдалану себеп болады. Көп жағдайда адамдар темекі тұқылын дұрыс өшірмей тастау немесе балаларды қараусыз қалдыру салдарынан өрттің туындауына жол береді.
Өрттің алдын алу үшін ең алдымен электр желілерінің жарамдылығын үнемі тексеріп отыру қажет. Ақаулы розеткалар мен сымдарды уақытылы ауыстыру, бір розеткаға бірнеше электр құралын қоспау маңызды. Газ плитасы мен газ баллондарын пайдаланғанда олардың ақаусыз екеніне көз жеткізіп, қолдану ережелерін сақтау керек.
Пешпен жылытылатын үйлерде мұржаны тазалау, пешті қараусыз қалдырмау, жанғыш заттарды пештің жанына қоймау қажет. Сонымен қатар тұрғын үйде өрт сөндіргіштің (огнетушитель) болуы және оны қолдану тәсілін білу – қауіпсіздіктің маңызды шарты.
Тағы бір айта кетерлігі, балалардың қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Сіріңке, оттық сияқты заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет. Балаларға өрттің қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу де аса маңызды.
Өрт орын алған жағдайда сабыр сақтап, дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарлау керек. Уақытында хабарланған өрттің зардабын азайтуға мүмкіндік бар. Өрт қауіпсіздігі – тек құтқару қызметтерінің ғана емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы біз өзімізді және жақындарымызды өрт апатынан қорғай аламыз.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі
29 қаңтар 2026 ж. 56 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 323
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 193

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031