» » Тұрғын үйлерде өртті болдырмайық!

Тұрғын үйлерде өртті болдырмайық!

Аудан көлемінде тұрғын үйлерде өрт оқиғасының алдын алу мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді. Жылу беру маусымында тұрғын үйлерде от жағу пештерінің ақауы салдарынан орын алатын өрт оқиғасы мен газдан улану факторларының алдын алған жөн. Электр қыздырғыш құралдарын пайдалану, қолдан жасалған, істен шыққан электр жылыту пештерін пайдалану, тұрғын үйлердегі пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудың соңы өрт оқиғаларына әкеп соғуда.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында төмендегі өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтау қажет:
1) Жылу беру маусымында пештер, қазандықтар және басқа да жылу беру құралдары мен жүйелері жөнделіп, тексеруден өткізілуі қажет. Жарамсыз пештер мен басқа да жылу беру құралдарын пайдалануға тыйым салынады;
2) электр өткізгіштердің, ажыратқыштардың және тоқ көздерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз;
3) электр аспаптарын, плиталарды жарамды күйде қолданып, перделер мен жиhаздардан алшақ, жанбайтын тіреулерде орнатыңыз;
4) электр аспаптарын бір нүктеге қосуға жол бермеңіз, бұл электр желісінің шамадан тыс қуаттығына әкеп соқтырады;
5) қолдан жасалған қыздырғыш электр аспаптарын, қуаттың артып кетуін және қысқа тұйықталуды болдырмау үшін калибрленбеген ерігіш ендірмелерді және басқа да қолдан жасалған аппараттарды қолданбаңыз;
6) үйді жылыту үшін газ плиталарын қолданбаңыз;
7) үйден шығарда барлық газ және электр қондырғыларының өшірілгеніне көз жеткізіңіз;
8) сіріңке мен жандырғыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
9) балаларды қараусыз жалғыз қалдырмаңыз;
10) тұрғын үй ауласында тазалық жұмыстарын жүргізу кезінде өртеу жұмыстарын жүргізбеңіз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ. Төтенше жағдай немесе өрт оқиғалары болған жағдайда тез арада «101», «112» немесе «2-12- 85» нөмірлеріне хабарласу керек.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
05 ақпан 2024 ж. 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 433
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930