» » ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ – ӨМІР КЕПІЛІ

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ – ӨМІР КЕПІЛІ

Аудан аумағында өрттің алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Осы бағытта аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық электр торабының қызметкерлері бірлесіп, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі таңда электр қуатынсыз өмірді елестету қиын. Үйдегі жарық, тоңазытқыш, теледидар, интернет – бәрі электрмен жұмыс істейді. Алайда бұл қолайлылықтың екінші жағы бар. Электр тогы – ескерілмеген жағдайда өте қауіпті. Сондықтан тұрғын үйдегі электр қауіпсіздігіне бейжай қарауға болмайды. Электр желісіндегі кез келген ақау өртке себеп болуы мүмкін. Тоқ ұру салдарынан адам жарақат алуы немесе өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондай-ақ электр тогының дұрыс жеткізілмеуі қымбат техникалардың істен шығуына әкеледі. Ескі немесе зақымдалған сымдар, рұқсат етілмеген ұзартқыштар, арзан құралдар, ылғал жерде орналасқан розеткалар мен құрылғылар, бір розеткаға бірнеше қуатты құрылғыны қосу, балалардың электр құралдарымен ойнауы өрттің туындауына себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін ең бірінші сымдардың жағдайын тексеріңіз. Егер сымның сырты жарылып, ішкі мыс көрініп тұрса, дереу ауыстыру қажет. Екінші тоқ көзіне артық жүктеме түсірмеңіз. Бір розеткаға бір мезетте тоңазытқыш, пеш, шайнек қосу қауіпті. Үшіншіден, қолданбайтын құрылғыларды розеткадан суырыңыз. Құрылғы жұмыс істемесе де, токта тұрса қауіп төндіреді. Төртіншіден, суды токтан алыста ұстаңыз. Электр құрылғыларын ылғалдан сақтап, ванна мен ас үйде абай болыңыз. Балалар үшін арнайы розеткаға арналған «қақпақтар» қолданыңыз, бала салып жіберетін заттардан сақ болыңыз. Сондай-ақ тек арнайы маманға жүгініңіз. Электр жүйесіне қатысты жөндеу жұмыстарын тек кәсіби электрик атқаруы тиіс. Егер өрт шықса, су құймаңыз. Арнайы өрт сөндіргішті пайдаланыңыз. Жедел түрде 103 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Электр – сенімді дос, бірақ бейқамдықты кешірмейтін күш. Тұрғын үйде қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы өзіңізді, отбасыңызды, мүлкіңізді үлкен қатерден қорғай аласыз. Қарапайым ережелер – үлкен қауіптің алдын алады.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
08 шілде 2025 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10417)

05 шілде 2025 ж.

№48 (10416)

01 шілде 2025 ж.

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 016
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031