» » Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелері

Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелері

Тұрғын үйлер мен пәтердегі өрт оқиғалары көбіне сол үйде тұрып жатқан тұрғындардың кінәсінен болып жатады. Статистика бойынша тұрғын үй өртінің шығу себептері – тұрмыстық электр және газ аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, пештердің дұрыс орнатылмауы, мас күйінде темекі тарту салдарынан, сонымен қатар электр өткізгіштерін дұрыс жүргізбегендіктен болады. Егер сіздің үйіңізде немесе пәтеріңізде электр өткізгіш сымдарына және электр аспаптарына зақым келсе, тез арада электр маманын шақырыңыз.
Есіңізде сақтаңыз:
Өртті болдырмау үшін сізге төмендегідей өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн. Электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары:
- Электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз;
- Уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз;
- Электр есептегіштегі электр сақтандырғыш зауытта дайындалған болуға тиіс;
- Үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып, электр жүйесіне күш түсірмеңіз;
- Газдың азайып қалғанын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;
- Сіріңкені баланың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
- Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз. Газ жабдығын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары:
- Үйдегі газ жабдығы жарамды күйде болуы және оны пайдалану жөніндегі техникалық талаптарға сәйкес келуі керек;
- Газ жабдығын пайдалану кезінде газ аспаптарын балаларға және оны қауіпсіз пайдалану тәртібімен таныс емес адамдарға пайдалануға тыйым салынады;
- Сіріңке жағылғанша немесе қолмен тұтандырғыш қосулы болғанша газ шүмектерін ашыңыз;
- Үйде газдың иісі пайда болған кезде электр құрылғыларын пайдалануға, электр жарығын қосуға тыйым салынады. Барлық газ құрылғысын өшіріңіз, крандарды жабыңыз, бөлмелерді желдетіңіз. Газ құрылғы крандарының тығыз жабылғанын тексеріңіз. Егер газдың иісі кетпесе немесе желдету кезінде жоғалып, қайтадан пайда болса, төтенше газ қызметін шақыру керек.
Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телефон арқылы 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Ауданық төтенше жағдайлар бөлімі

04 тамыз 2024 ж. 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 431
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930