Құрылтай
» » ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ – ҚАУІПСІЗ ӨМІР КЕПІЛІ

ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ – ҚАУІПСІЗ ӨМІР КЕПІЛІ

Көктемгі-жазғы маусым басталысымен ауа температурасының көтерілуі, желдің күшеюі және шөптің қурауы өрт шығу қаупін арттырады. Осы кезеңде дала өрттері, тұрғын үй аумағындағы өрт оқиғалары және табиғи аумақтардағы жану жағдайлары жиілейді. Сондықтан өрт қауіпті кезеңде әрбір азамат қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы қажет.
Көп жағдайда өрттің шығуына адамның салғырттығы себеп болады. Атап айтқанда, құрғақ шөп пен қоқысты өртеу, сөндірілмеген темекі тұқылын тастау, балалардың отпен ойнауы, электр сымдарының ақауы және ашық отты абайсыз пайдалану өртке алып келеді. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін аулаларды құрғақ шөптен тазалап, қоқысты арнайы орындарға шығару қажет.
Табиғат аясында демалу кезінде от жағуға ерекше сақтықпен қараған жөн. Отты рұқсат етілмеген жерде жақпау, кеткенде толық сөндіру, жанғыш заттарды қалдырмау – басты талаптардың бірі. Желді күні от жағу өте қауіпті екенін естен шығармаған дұрыс.
Өрт – адам өміріне қауіп төндіріп, материалдық шығын келтіретін тілсіз жау. Сондықтан әр азамат сақтық шараларын орындап, жауапкершілік танытуы тиіс. Өрт немесе түтін байқалған жағдайда уақыт оздырмай 101 немесе 112 нөміріне хабарлау қажет.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
26 сәуір 2026 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31