» » ӨРТ САЛҒЫРТТЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙДІ

ӨРТ САЛҒЫРТТЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙДІ

Далалы аймақтардың өртке қауіпті кезеңдері – көктем келіп, күн жыли бастағаннан соңына дейін жалғасады. Әсіресе дала өрттері күн жылынғанда пайда болады. Себебі құрғақ өсімдіктер мен шөптер өте тез жанғыш келеді. Сондықтан көктем шығып, күн жылынғанда дала өртіне сақ болуымыз қажет.
Көп жағдайда дала өрті адамдардың абайсыздығынан пайда болады. Табиғат аясына шыққан азаматтардың жаққан отын өшірмей кеткендігінен немесе көлік жүргізушінің жол жиегіне өшірмей тастай салған темекі тұқылынан, ашық алаңқайда қоқысты немесе құрғақ шөптерді жағуы және тағы басқа жағдайда өрт тұтанып, өршиді. Оны болдырмау үшін далалық аймақта отқа арналған орынды құрғақ шөптен, қоқыстан мұқият тазалау, жаққан отты қараусыз қалдырмау, кетер алдында отты толық сөндіргеніне көз жеткізу қажет. Сондай-ақ пайда болған өрт ошақтарын тез арада сөндіру керек.
Есте сақтаңыз! Қауіпсіздік ережесін сақтау – әр азаматтың міндеті. Өртті сөндіргеннен алдын алған оңай!
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі
30 мамыр 2025 ж. 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031