ӨРТКЕ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢ БАСТАЛДЫ
Жыл бойы өрттердің белгілі бір санаттарына тән бірнеше кезеңдер байқалады. Мысалы, қыста жеке тұрғын үй секторында өрт қауіптілігінің жоғарылауы байқалады. Бұл пештерді және басқа да жылыту жабдықтарын қолдануға байланысты. Осы уақытта улы газбен уланудың өсуі байқалады. Күзгі-көктемгі кезеңде өрттің жиілеу себебі егістіктерде және үй маңындағы учаскелерде қоқыстарды жағу, демалушылардың табиғатқа шығуы кезінде отты абайсыз қолдануы болып табылады. Жазда құрғақ ауа-райы орнаған кезде, өрт көбінесе құрғақ шөптерді бақылаусыз жағу, от жағу кезінде отты абайсыз пайдалану және тағы басқа кезінде пайда болады.
От ошағының пайда болу факторына тәуелді емес найзағай болуы мүмкін, қалған жағдайларда жауапкершілік толықтай адамдарға жүктеледі. Сондықтан өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік бойынша басты міндет сыртқы жану факторларының пайда болуын болдырмайды.
Өрттің алғашқы себебі көп жағдайда адамның жауапсыздығынан орын алады. Осыған орай кәсіпорындар мен ұйымдарда өрттің алдын алу мақсатында табиғатта жүріс-тұрыс ережелері, өндірістегі және тұрмыстағы алдын алу іс-әрекеттері туралы дәрістер мен әңгімелер, эвакуациялау, сөндіру және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету шаралары бойынша тренингтер өткізіледі. Әрбір жауапты азамат өрт кезінде өзін қалай ұстау керегін және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуі керек.
Көктем-жаз кезеңінде құрғақ және желді ауа-райы болған кезде табиғи өрттердің туындау қаупі артады. Олардың алдын алу мақсатында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң және жауапкершілікпен сақтау қажет. Осы ретте, жанып жатқан сіріңкелерді, темекі тұқылдарын лақтыруға және шылым шегу түтіктерінен ыстық күлді қағуға болмайды. Қылқан жапырақты жас шыбықтарда, ескі жанарғыларда, бүлінген орман учаскелерінде (жел соққан, дауыл соққан), кесілген ағаш қалдықтары мен дайындалған сүрегі бар кеспеағаштарда, қураған шөбі бар жерлерде, сондай-ақ ағаштар ұшарбасының астында от жағуға жол берілмейді. От жағу ені кемінде төрт метр минералданған жолақпен көмкерілген алаңдарда жүзеге асуы керек. Қатты желде үлкен от жақпаңыз. Сондай-ақ от жаққан алауды қараусыз қалдыруға болмайды.
Оттың орман және дала алқаптарынан елді мекендерге өтуіне жол бермеу үшін үнемі елді мекендердің аумағын тазалап, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералдандырылған жолақтарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізіліп отыруы тиіс. Табиғи өрттер туындаған жағдайда дереу 101, 112 телефондары бойынша өртке қарсы қызметке хабарлау қажет.
Аудандық төтенше жағдай бөлімі