Құрылтай
» » ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАУДА

ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАУДА

Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында қоғамдық тамақтану орындары, сауда және өзге де кәсіпкерлік нысандарында кезекті мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Жоспарлы бақылау шарасына арнайы құрылған жұмысшы топ қатысып, Жосалы кентіндегі бірқатар кәсіпкерлік нысанды аралады. Мониторинг барысында қолданыстағы заңнама талаптарының өрт қауіпсіздігі сақталуы, санитариялық-гигиеналық нормалардың орындалуы, ережелерінің, азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтан уланудың алдын алу шаралары, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарының қорғалуы назарға алынды.
Жұмысшы топ мүшелері кәсіпкерлермен кездесіп, қызмет көрсету барысында қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты тиісті ұсынымдар берді. Әсіресе санитариялық талаптарды сақтау, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң орындау және тұтынушыларға сапалы әрі қауіпсіз қызмет көрсету мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Мұндай мониторинг жұмыстарының басты мақсаты – кәсіпкерлердің заң талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызмет көрсету мәдениетін арттыру.
Айта кетейік, аудан аумағындағы қоғамдық тамақтану, сауда және кәсіпкерлік нысандарында мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, анықталған мәселелердің оң шешімін табуына және қауіпсіз қызмет көрсету ортасын қалыптастыруға ықпал ететін болады.
«ҚТ» ақпарат
22 шілде 2026 ж. 53 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 513
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 997

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031