» » «AMANAT»: БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

«AMANAT»: БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Байқоңыр қаласындағы білім беру ұйымдары мен мектептер жанындағы жазғы лагерьлердің жұмысына партиялық мониторинг жүргізілді.

Мониторинг жұмыстарына «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жұмадьяров, комиссия төрағасының орынбасары Ғабит Бердекеев және комиссия мүшелері қатысты.

Зерделеу барысында білім беру ұйымдары мен мектеп жанындағы жазғы лагерьлерде санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, балалардың тамақтану сапасы, қауіпсіздік шараларының орындалуы, медициналық қызметтің ұйымдастырылуы және материалдық-техникалық базаның жағдайы жан-жақты қаралды.

Сондай-ақ мектеп аумақтарының тазалығы, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы және балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру үшін жасалған жағдайлар бақылауға алынды.

Мониторинг аясында білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен пікір алмасып, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, жазғы демалысты сапалы ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Партиялық бақылау барысында анықталған мәселелер мен ұсыныстар назарға алынып, олардың орындалуы алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.

Балалардың қауіпсіздігі мен сапалы демалысын қамтамасыз ету – партия назарындағы маңызды бағыттардың бірі.
03 маусым 2026 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 230
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 782

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930