» » ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы Еркін Рзалиев, партияның Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жұмадьяров, Байқоңыр қалалық білім беруді дамыту секторының меңгерушісі Жадыра Алданова және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері білім беру ұйымдарына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу жұмыстары барысында білім беру ұйымдарындағы ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі, оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық жабдықталуы және оқушыларды қабылдауға әзірлік деңгейі жан-жақты сарапталды.
Сондай-ақ оқу жылына дайындықтың белгіленген мерзімде және сапалы аяқталуының маңыздылығына, балалардың қауіпсіздігі мен оқу процесінің тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету үшін барлық талаптардың сақталуына назар аударылды. Алдағы уақытта жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша Партиялық бақылау комиссия отырысының өткізілуі жоспарлануда.
19 тамыз 2025 ж. 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930