» » ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕР ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕР ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕР ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕР ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жұмадьяров және комиссия мүшелері Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округіндегі мектептер жанындағы жазғы лагерьлерінің жай-күйімен танысты.
Партиялық мониторинг аясында лагерьлердің тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық жағдайына, балалардың тамақтануы мен қауіпсіздік шараларына басты назар аударылды.
Мектеп басшыларымен тілдесу барысында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени-спорттық шаралар мен тәрбие жұмыстары бойынша мәселелер тыңдалды.
Тынығу лагерьлерде әрбір кезеңге белгіленген жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, танымдық ойындар, спорт эстафеталары, зияткерлік ойындар, байқаулар, экскурсиялар.
Сонымен бірге, балалардың экскурсиясын ұйымдастыру барысы да бақыланды.
Сондай-ақ мектеп басшылары мен лагерь қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, жазғы демалысты сапалы ұйымдастыру – жас ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға оң әсер ететіні атап өтілді.
05 маусым 2025 ж. 267 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 124
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031