» » ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ, САУДА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ, САУДА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Қармақшы ауданы бойынша қоғамдық тамақтану, сауда және кәсіпкерлік объектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысшы топ аудан аумағындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарын аралады.

Мониторинг барысында кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау деңгейі, санитариялық-гигиеналық талаптардың орындалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, баға белгілеудің ашықтығы, сондай-ақ қызмет көрсету сапасына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізді.

Сонымен қатар кәсіпкерлерге қолданыстағы заң талаптары түсіндіріліп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тиісті ұсынымдар берілді. Жұмысшы топ мүшелері кәсіпкерлік қызметті заң талаптарына сәйкес ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталып, тұрғындарға сапалы әрі қауіпсіз қызмет көрсету қажеттігін атап өтті.

Мұндай мониторингтік іс-шаралар кәсіпкерлік нысандарындағы қызмет көрсету сапасын арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және аудан тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз қызмет көрсету ортасын қалыптастыруға бағытталған. Алдағы уақытта мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жалғасатын болады.

16 шілде 2026 ж. 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 792
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 080

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930