» » КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ


Облыс әкімінің тікелей тапсырмасына сәйкес, аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарында мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Осы бағыттағы жұмыстар аясында аудан әкімінің тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, аудандық қоғамдық даму бөлімі мен Жосалы кенті әкімінің орынбасарымен арнайы жұмысшы топ құрылып, сауда дүкендері, көлік жуу орталықтары, гүл сату дүкендері мен қоғамдық тамақтану орындары және басқа да бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, жағдайға зерделеу жүргізді.

Кездесу барысында кәсіпкерлермен ашық сөйлесіп, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету, санитарлық талаптарды сақтау, сондай-ақ заң талаптарының орындалуы мәселелерін толық талқылады. Сонымен қатар жарықтандыру бағытына ерекше назар аударылып, тұрғындар үшін түнгі мезгілде қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстары қатар жүргізілді.

Жалпы ауданымыздың дамуына үлес қосып отырған бұл нысандардың тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуі аудан әкімінің үнемі бақылауында.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

15 маусым 2026 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 268
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 425

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30