» » КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан көлемінде кәсіпкерлік нысандарының қызметіне мониторинг жүргізу және олардың тұрғындарға көрсететін қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Осы бағытта аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың жетекшілігімен арнайы жұмысшы топ құрылды. Топ құрамына аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, аудандық қоғамдық даму бөлімі мамандары, сондай-ақ Жосалы кенті әкімінің орынбасары енгізілді. Олар аудан аумағындағы бірқатар кәсіпкерлік субъектілерін аралап, көрсетілетін қызметке жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында сауда дүкендері, қоғамдық тамақтану орындары, көлік жуу орталықтары, гүл сату дүкендері және халыққа қызмет көрсететін өзге де кәсіпкерлік нысандар қамтылды. Әрбір нысанның жұмыс тәртібі, қызмет көрсету сапасы, санитарлық-гигиеналық жағдайы, сыртқы келбеті мен абаттандыру деңгейі, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы назарға алынды.
Кездесу барысында жұмысшы топ мүшелері кәсіпкерлермен ашық пікір алмасып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсету, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, санитарлық талаптарды қатаң сақтау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәсіпкерлік қызметті заң талаптарына сәйкес жүргізу мәселелері жан-жақты талқыланды.
Мониторинг кезінде кәсіпкерлік нысандарының жарықтандыру мәселесі басты назарға алынып, кәсіпкерлерге өз нысандарының айналасын жарықтандыру арқылы тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді. Бұл бағытта түнгі уақытта қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрғындардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасау және елді мекеннің көркін арттыру мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жұмысшы топ тарапынан анықталған жекелеген кемшіліктер бойынша кәсіпкерлерге заң талаптарына сәйкес нақты ұсынымдар беріліп, оларды белгіленген мерзімде жою қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар кәсіпкерлер тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, оларды шешу жолдары бойынша тиісті тапсырма берілді.
Жалпы, аудан экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және тұрғындардың әл-ауқатының артуына өзіндік үлес қосып отырған кәсіпкерлік нысандарының тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуі аудан әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауда болады. Алдағы уақытта да осы бағыттағы мониторинг және түсіндіру жұмыстары жалғасып, кәсіпкерлік субъектілерімен өзара тиімді байланыс нығайтылатын болады.
«ҚТ» ақпарат
16 маусым 2026 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 308
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 837

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930