» » КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНДА КЕЗЕКТІ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНДА КЕЗЕКТІ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық тамақтану, сауда және кәсіпкерлік объектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу жөніндегі құрылған жұмысшы топ жоспарға сәйкес кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг барысында жұмысшы топ Жосалы кентіндегі бірқатар кәсіпкерлік нысандарын аралап, қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын, санитариялық-гигиеналық нормалардың орындалуын, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын, тамақтан уланудың алдын алу шараларын, тұтынушылардың құқықтарының қорғалуын және көрсетілетін қызмет сапасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті ұсынымдар берілді. Жұмысшы топ мүшелері кәсіпкерлік қызметті заң талаптарына сәйкес ұйымдастырудың, санитариялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың, сондай-ақ тұрғындарға сапалы әрі қауіпсіз қызмет көрсетудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы мониторинг жұмыстары жоспарға сәйкес тұрақты түрде жалғасатын болады.

18 шілде 2026 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 792
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 080

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930