» » КЕНТТІҢ КӨРКІН КІРГІЗУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

КЕНТТІҢ КӨРКІН КІРГІЗУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Туған жердің тазалығы мен көркі – оның тұрғындарының мәдениеті мен жауапкершілігінің айқын көрсеткіші. Айналасы таза, көшелері көрікті, гүлдері жайқалған елді мекен әрбір тұрғынның көңілін жайландырып қана қоймай, қонақтарға да жақсы әсер қалдырады. Сондықтан кенттің ажарын ашу, оның тазалығын сақтау – тек тиісті мекемелердің емес, барша тұрғындардың ортақ міндеті.
Тазалық пен тәртіпке баулу – жас ұрпақ тәрбиесінің де маңызды бөлігі. Мектептерде өткізілетін экологиялық шаралар, ағаш отырғызу акциялары мен сенбіліктер оқушылардың табиғатқа деген қамқорлығын қалыптастырады. Бүгін қоршаған ортаны аялауды үйренген бала ертең туған жерінің жанашыр азаматы болып өседі.
Соңғы жылдары елімізде қоршаған ортаны қорғау мен елді мекендерді абаттандыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы да халықтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайта түсті. Осы бастама аясында көптеген елді мекендерде тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындар жаңарып, тұрғындардың белсенділігі артты.
Жосалы кентінде де бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Көшелерді тазалау, жол жиектерін ретке келтіру, саябақтар мен демалыс орындарын абаттандыру, ағаш көшеттерін отырғызу сынды жұмыстар жыл сайын қолға алынып келеді. Әсіресе көктем мен күз мезгілдерінде ұйымдастырылатын сенбіліктерге жастар, еріктілер және тұрғындар белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосуда.
Десе де, кей-кейде жүйелі жұмыс еленбегендей күйге түсесіз. Күндіз жұмысына асыққан, кешқұрым серуенге шыққан жас пен жасамыстың тастаған қоқысқалдықтарын, сынған бұтақ пен жайраған жасыл желекті көргенде күннің ыстығы мен суығына қарамай елді мекеннің тазалығын қамтамасыз еткен жандардың еңбегі үшін күйінесіз.
Кенттің көркеюі тек бір күндік науқанмен шектелмеуі тиіс. Тазалық – әр адамның күнделікті өмір салтына айналғанда ғана нәтижелі болады. Әр тұрғын өз үйінің ауласын таза ұстап, қоқысты арнайы орындарға тастап, қоғамдық мүлікке жанашырлықпен қараса, кентіміздің келбеті одан әрі көркейе түсері сөзсіз. Өйткені үлкен өзгеріс кішкентай қадамнан басталады.
Туған жердің табиғатын қорғау әр адамның өз үй, өз ауласынан бастау алуы керек. Қоқысты бей-берекет тастамау, ағаш отырғызу, су мен электр қуатын үнемдеу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі қоршаған ортаны сақтауға үлкен үлес қосады. Әсіресе жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру – уақыт талабы.
Кенттің көркін кіргізу – тек сыртқы келбетті жақсарту ғана емес, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды іс. Таза көше, жасыл желек, күтімді қоғамдық орындар адамдардың көңіл-күйіне оң әсер етіп, қоғамдағы жауапкершілік пен бірлікті нығайтады.
Туған жердің гүлденуі әрқайсысымыздың ісімізге байланысты. Сондықтан кентіміздің тазалығы мен көркеюіне немқұрайлы қарамай, ортақ іске жұмыла атсалысу – әр азаматтың парызы. Өйткені көрікті кент берекелі өмірдің, ынтымақты қоғамның және жарқын болашақтың негізіндей. «Көп білсең де, көптен артық білмейсің» деген елміз ғой. Сіз не дейсіз, оқырман?
Ердәулет ОРЫНБАСАР
22 маусым 2026 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (10515)

22 маусым 2026 ж.

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 341
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 862

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930