» » ТАБИҒАТТАН БАСТАЛҒАН ТҰТАС САНА

ТАБИҒАТТАН БАСТАЛҒАН ТҰТАС САНА

Табиғатымыздың тазалығын сақтап, қоршаған ортамыздың экологиясын жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының еліміз үшін маңыздылығы зор.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен жылдың 8-сәуірінен бастау алған бұл акция бүгінгі күнде қарқынды жүзеге асырылып, табиғатымыздың тазалығын сақтау жолында біршама жұмыс атқарылуда.
Жуырда ғана өткен «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде Мемлекет басшысы «Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан» бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз» деген болатын.
Расында қоршаған ортаны таза ұстау – қоғамның қалыпты қағидатына айналу қажет. Осыған орай елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен экологиялық ахуалды жақсарту, табиғатты қорғау және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында 21-26 сәуір аралығында «Таза Қазақстан» кең ауқымды экологиялық акциясы өтуде.
Аталған науқан аясында «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» бағыттарында еліміздің барлық өңірлерінде түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы бас таманың жалғасы ретінде ауданымызда «Киелі мекен» акциясы өтті. Атап айтқанда, «Қорқыт ата» мемориалдық кешені мен кент орталығындағы Дүр Оңғар атындағы саябақта ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылып, оған аудан ардагерлері, белгілі спортшылар, мәдениет саласының өкілдері және бел сенді жастар қатысты. Сонымен қатар, аудан көлеміндегі Марал баба кесенесі мен басқа да тарихи-киелі орындарда, саябақтар мен қоғамдық демалыс аймақтарында сани тарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Аталған жұмыстар ауданның барлық елді мекендерін қамтыды.
Табиғатқа құрмет – өзіңе құрмет. Ал «Таза Қазақстан» – сол құрметті нақты әрекетпен көрсететін жаңа буынның тынысы, жаңа дәуірдің лебі. Сондықтан тазалықты әрбіріміз өз айналамыздан бастауымыз қажет. Себебі туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы. Расында ойдың да, бойдың да, қоршаған ортаның да тазалығын сақтау әр адамның ішкі мәдениетінің көрсеткіші. Сондықтан мәдениеті мығым адам болуға тырысайық!
Ақнұр САҒЫНТАЙ
26 сәуір 2025 ж. 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 630
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 402

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031