» » 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы бекітілді

2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы бекітілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын бекітті. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы экологиялық мәдениетті дамытудың әртүрлі әдіс-тәсілін қамтитын кешенді әдісті қарастырады. Негізгі бағыттар экологиялық ойлауды қалыптастыруды, жауапты мінез-құлықты дамыту және оны ынталандыру шараларын, экологиялық білім беру мен ақпараттандыруды қамтиды.
Тұжырымдаманы іске асыру экология туралы азаматтардың хабардарлығын арттыруға, экологиялық әдеттерді қалыптастыруға және халықтың экологиялық бастамаларға қатысуын жандандыруға мүмкіндік береді.
Нысаналы көрсеткіштерге сәйкес, 2029 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 25%-дан 38%-ға дейін арттыру, сондай-ақ экологиялық тәрбиені нығайту іс-шараларына тартылған оқушылар үлесін 15%-дан 40%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар азаматтардың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейін 55,8%-дан 64,7%-ға дейін арттыру күтілуде.
Тұжырымдаманы іске асыру қоғамдық орындарда коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымын дамытуды, экологиялық қауіпсіз тәжірибелерді енгізуді және қоршаған ортаны ластауға «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Сондай-ақ Құжатта Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді.
10 қараша 2024 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930