» » КӨКТЕМГІ СЕНБІЛІК ҚАРҚЫН АЛДЫ

КӨКТЕМГІ СЕНБІЛІК ҚАРҚЫН АЛДЫ

Көктемнің келуімен табиғат түлеп, айнала жасыл желекке бөленеді. Алайда қыстан кейінгі қар астынан шыққан қоқыс қалдықтары бұл көркем көріністің ажарын бұзатыны жасырын емес. Осы мәселеге назар аударып, қоршаған ортаны таза ұстауды мақсат еткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы биыл да өз жалғасын тапты.
Өткен аптаның сенбі күні аталған акция аясында аудан көлемінде кең ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жүргізілген сенбілікке аудан орталығы мен барлық ауылдық округтегі мекеме қызметкерлері, дербес бөлімдер, білім беру ұйымдары, жастар қозғалыстары мен еріктілер белсенді түрде қатысты. Бұл – табиғатқа деген жанашырлық пен ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіру, әктеу тағы да басқа жұмыстар жүргізілді. Әсіресе қыс бойы жиналған қоқыстарды тазарту жұмыстарына ерекше мән берілді. Арнайы техникалардың көмегімен тұрмыстық қалдықтар шығарылып, елді мекен аумағы біршама тазарып қалды. Нәтижесінде аудан келбеті жаңарып, тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға тағы бір қадам жасалды.
Айта кету керек, мұндай игі шаралар тек бірреттік акциямен шектелмейді. Аудан аумағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінбек.
Тазалық – тек коммуналдық қызметтің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау, туған жердің табиғатын аялау – баршамыздың парызымыз.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
01 сәуір 2026 ж. 73 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930