» » "Таза бейсенбі" акциясы өтті

"Таза бейсенбі" акциясы өтті




30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай "AMANAT" партиясы Қармақшы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Жосалы кентіндегі "Рәміздер алаңында" дәстүрлі "Таза бейсенбі" экологиялық акциясы өтті.

Шараға партия мүшелері белсене қатысып, қоғамдық аумақты тазарту жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Партияның аудандық филиалының төрағасы Ә.Қошалақов:
"Таза қоршаған орта - бұл тек табиғатқа деген жанашырлық емес, ол - қоғамның мәдениеті мен тәртібінің көрінісі. Бүгінгі "Таза бейсенбі" акциясы - әр азаматтың туған жеріне деген сүйіспеншілігін көрсетудің бір жолы. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай ұйымдастырылып отырған бұл шараның мәні ерекше. Себебі, Ата Заңымызда да азаматтардың табиғатты аялауға, оны қорғауға міндетті екені көрсетілген. Осындай игі бастамалар ел болашағы үшін маңызды әрі тұрақты түрде жалғасын табуы тиіс. Баршаңызды қоршаған ортаға қамқор болуға шақырамын!" дей келе, шараға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Акция — туған жерге жанашырлық пен жауапкершілік танытудың нақты үлгісі!
29 тамыз 2025 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30