» » «ТАЗА БЕЙСЕНБІ»: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСУДА

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ»: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСУДА

Қызылорда өңірінде Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда. Бүгін «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен Байқоңыр қалалық көп бейінді ауруханасының аумағы қоқыс пен арамшөптен тазартылды.
Игі іске «Денсаулық» БПҰ мүшелері, қоғам белсенділері мен жастар, жалпы 40-ға жуық азамат үлес қосты. Экологиялық акция барысында 100 метр жер аумағы тазартылып, 11 қап қоқыс пен арамшөп жиналды.
«Таза бейсенбі» акциясына қатысу – әрбір азаматтың табиғатты қорғауға қосқан үлесі. Партия мүшелері туған жерін таза әрі көрікті етуге атсалысып жатыр. Әрбір жиналған қоқыс, тазаланған аумақ – болашақ ұрпаққа қалдырар аманатымыз. Біз осындай іс-шаралар арқылы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз деп сенемін», - деді партияның Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов.
Акция аясындағы тазалық жұмыстары әр апта сайын жалғасатын болады.
19 маусым 2025 ж. 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930