Топ-баннер
Топ-баннер2
» » «ТАЗА БЕЙСЕНБІ»: ТАЗА ҚАЛА МЕН ТАБИҒИ ЛАНДШАФТТАР ТУРИСТЕРДІ ТАРТАДЫ

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ»: ТАЗА ҚАЛА МЕН ТАБИҒИ ЛАНДШАФТТАР ТУРИСТЕРДІ ТАРТАДЫ

Бүгін Қызылордада «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының белсенділері Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасы аясында "Таза бейсенбі" акциясы ұйымдастырып, қалалық жастар саябағының аумағы қоқыстан тазартты.
Игі іске бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері, жалпы 40-қа жуық азамат үлес қосты.
«Байқоңыр қаласы нағыз туристер ордасы. Айына «Байқоңыр ғарыш» айлағы жұмысын көруге мыңдаған шетелдік азаматтар келеді. Олар міндетті түрде саябаққа келеді. Сондықтан біз бүгін Жастар саябағына тазалық жүргіздік. Таза қала мен табиғи ландшафттар туристерді тартудың бір құралы», - деді партияның Байқоңыр филиалының атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов.
«Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы – бұл жай ұран емес. Бұл көркейту - көгалдандыру, су айдындарын тазарту, экологиялық мәдени тәрбие жүргізу секілді еліміздің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама. Аманаттықтар әр бейсенбіде «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырып, осы жұмыстарға ат салысып келеді. Бүгінгі экологиялық акция барысында саябақ аумағынан 17 қап қоқыс жиналып тазартылды.
24 сәуір 2025 ж. 599 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031