Топ-баннер
» » «Таза бейсенбі»: Байқоңырлықтар тазалық акциясына атсалысуда

«Таза бейсенбі»: Байқоңырлықтар тазалық акциясына атсалысуда


Қызылорда өңірінде Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда.

Бүгін «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласындағы «Ғалым - Ғарыш» монументі мен жастар саябағының аумағы қоқыс пен арамшөптен тазартылды. Игі іске партия мүшелері, қоғам белсенділері мен жастар жалпы 80-ге жуық азамат үлес қосыты.

«Монумент маңайы мен жастар саябағында күнделікті кешкі мезгілде көп адам жиналады. Отырған жерлерін ластап, қалдықтарын шашып кететіндер бар. Бүгінгі экологиялық акция барысында 300 метр жер аумағы тазартылып, 12 қап қоқыс пен арамшөп жиналды» дейді партияның Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов.

Жалпы жоба аясындағы тазалық жұмыстары жыл соңына дейін жалғасатын болады.
15 тамыз 2024 ж. 755 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 447
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728