«Таза бейсенбі» акция аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

Әр бейсенбіде дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан акция аясында бүгін қармақшылық партияластар аудан орталығындағы Аманкелді Иманов көшесі бойына тазалық жұмыстарын жүргізді.
«Таза бейсенбі » акцияның басты мақсаты- тазалық жұмыстарын жүргізу ғана емес, еліміздің тазалығы мен әсем табиғатына қамқорлық жасайтын, қоғамдағы вандализмнің көріністеріне төзбейтін заң мен тәртіптің үстемдігі қағидатына сәйкес келетін саналы экологиялық қоғам құру.
«Туған жерімізді таза әрі көрікті етуге атсалысу әрбіріміздің парызымыз. Тазаланған аумақ – болашақ ұрпаққа қалдырар аманатымыз. Біз осындай іс-шаралар арқылы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз деп сенемін», - деді акцияға аудандық партия филиалының төрағасы Әділ Қошалақов.
Атап өту керек, акция аясында өңірдің барлық аудандарында алдын-ала елді мекендердің ластанған аумақтарының карталары әзірленіп, әрбір учаскеге партияның бастауыш партия ұйымдары мен филиалдары бекітілген. Олар бекітілген учаскелерде тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етуге үлес қосып келеді