Құрылтай
» » "ТАЗА БЕЙСЕНБІ": БАЙҚОҢЫРЛЫҚТАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСУДА

"ТАЗА БЕЙСЕНБІ": БАЙҚОҢЫРЛЫҚТАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСУДА


Қызылорда өңірінде Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасы аясында "Таза бейсенбі" акциясы жалғасуда.

Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласындағы Абай көшесінің аумағы қардан тазартылды. Игі іске партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және жастар, жалпы 30-ға жуық азамат үлес қосты.

"Өткен жылы да партияластарымыздың қолдауымен көшелерде, ескерткіштер маңы мен саябақтарда тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Биылғы жылы "Таза бейсенбі" акциясы аясында ұйымдастырылып отырған тазалық жұмыстарына қатысушы азаматтарға алғыс білдіреміз. Бұл акция арқылы әрбір қала тұрғыны ортақ үйіміз – шаһарымызды ұқыптылықта ұстап, тазалық мәдениетінің дамуына себепші болары анық", - деді партияның Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов.

Жалпы жоба аясындағы тазалық жұмыстары жыл соңына дейін жалғасатын болады.
06 наурыз 2025 ж. 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 093

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31