» » ТӘРТІП БАР ЖЕРДЕ ТАЗАЛЫҚ ТА БОЛАДЫ

ТӘРТІП БАР ЖЕРДЕ ТАЗАЛЫҚ ТА БОЛАДЫ

Соңғы жылдары елімізде қоршаған ортаны қорғау мен тазалық мәдениетін қалыптастыру мәселесіне айрықша мән беріліп келеді. Қоғамда табиғатқа жанашырлықпен қарау, айналаны таза ұстау сынды құндылықтар азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісіне айналды. Бүгінде тазалық тек күнделікті тұрмыстың қажеттілігі ғана емес, өркениетті қоғамның айқын белгісі ретінде бағалануда.
Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы. Аталған жоба қысқа мерзім ішінде кең көлемде қолдау тауып, ел көлеміндегі ортақ іске ұласты. Бұл бастама халықты табиғатты аялауға, туған жердің тазалығына бейжай қарамауға үндейтін маңызды қоғамдық қозғалысқа айналып отыр.
Президент атап өткендей, тазалық – тек қоршаған ортаның көркі ғана емес, ол ұлт мәдениеті мен елдік сананың айнасы. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру әрбір азаматтың ортақ міндеті әрі болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігі болып қала береді.
Бүгінде аудан тұрғындарының, еріктілер мен жастардың, мекеме қызметкерлерінің акцияға белсенді қатысуы елге деген жанашырлықтың айқын көрінісі деп білемін.
«Тазалық – тәртіптің айнасы» дейді дана халқымыз. Сондықтан әр азамат туған жерінің тазалығына бейжай қарамай, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосуы қажет. Осындай ауқымды бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ел игілігіне қызмет ете береді деп сенемін.
Асқар МЕРЕКОВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
24 мамыр 2026 ж. 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 785
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 228

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930