» » ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Алдашбай ахун ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – бір ұғым» атты тазалық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған игі шараға ауыл ақсақалдары, тұрғындар және мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, туған жерге деген құрметтің жарқын үлгісін көрсетті. Акция барысында ауыл аумағындағы қорымдар мен «Тағзым» алаңы, сондай-ақ О.Шораяқұлы аллеясы тазартылып, айналасы ретке келтірілді.
Тазалық жұмыстары барысында қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның көркеюіне өз үлестерін қосты. Бұл шара – тек тазалық жұмысы ғана емес, үлкенге құрмет, өткенге тағзым, келер ұрпаққа үлгі боларлық игі бастама болды.
Осындай шаралар арқылы ауыл тұрғындарының бірлігі артып, туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершілік нығая түсуде.
Тазалық – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Өйткені таза аула, таза көше, таза ауыл – ең алдымен тұрғындардың мәдениеті мен саналы көзқарасының көрінісі. Әр адам өз үйінің ғана емес, айналасындағы ортаға да бейжай қарамай, қоқыс тастамау, табиғатты қорғау сияқты қарапайым қағидаларды сақтаса, қоғам да көркейе түседі. Сондықтан тазалықты сақтау – денсаулықтың, тәртіптің әрі өркениетті өмірдің басты кепілі.
«ҚТ» ақпарат
23 сәуір 2026 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 071
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031