» » ТАҒЗЫМ МЕН ТАЗАЛЫҚ – ҰЛТ РУХЫНЫҢ АЙНАСЫ

ТАҒЗЫМ МЕН ТАЗАЛЫҚ – ҰЛТ РУХЫНЫҢ АЙНАСЫ

Өткен сенбіде аудан көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Игі бастама тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау, киелі орындардың тазалығын қамтамасыз ету және оларды келешек ұрпаққа аманат ету мақсатында өткізілді.
Ауқымды акцияға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, түрлі бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, жастар және еріктілер белсене қатысып, ортақ іске жұмылды. Бұл – қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігінің артып келе жатқанының айқын көрінісі.
Тазалық жұмыстары барысында аудан аумағындағы тарихи ескерткіштер, киелі орын мен қорымдар маңы жан-жақты ретке келтірілді. Жиналған қоқыс қалдықтары алынып, аумақтары абаттандырылды. Сонымен қатар қоршаулар жөнделіп, айналаны көркейту бағытында бірқатар нақты жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде көптеген нысан жаңа кейіпке еніп, тұрғындардың ризашылығына бөленді.
Жалпы акция аясында өңір бойынша 200-ге жуық қасиетті орын қамтылса, оның ішінде ауданымызда 45-ке жуық нысанда тазалық жұмыстары жүргізілді. Екі мыңнан астам тұрғынның белсенді қатысуы шараның кең ауқымда өткенін аңғартады.
Мемлекет басшысы атап өткендей, «Тазалық – тек қоршаған ортаның ғана емес, рухани мәдениеттің де көрінісі». Расында да, туған жерге деген жанашырлық пен өткенге құрмет – әр азаматтың парызы. Тарихи орындарды күтіп-баптау арқылы біз өз тамырымызды терең түсініп, ұлттық құндылықтарымызды сақтаймыз.
Бұл бастама тек бір күндік науқанмен шектелмей, жалғасын табуы тиіс. Әрбір тұрғын тазалықты күнделікті өмір салтына айналдырса, өңіріміздің келбеті көркейіп, экологиялық мәдениетіміз жаңа деңгейге көтерілері сөзсіз.
«ҚТ» ақпарат
22 сәуір 2026 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 941
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 580

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930