» » СЕНБІЛІККЕ ЖҰРТШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

СЕНБІЛІККЕ ЖҰРТШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

Өткен аптада еліміз бойынша жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылып, оған аудан тұрғындары кеңінен қатысты. Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған бұл бастама қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді.
Сенбілік барысында қармақшылықтар игі іске белсенді қатысып, ауданның көркеюіне өз үлестерін қосты. Көктем шығып, күн жылынғаннан бері өңірде абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Соның жалғасы ретінде өткен тазалық шарасы да жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Экологиялық акцияға кент және ауылдық округ тұрғындары, түрлі бөлімдер мен мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары мен еріктілер біркісідей атсалысты. Бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсеткен жұртшылық ортақ іске жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытты. Сенбілік кезінде орталық көшелер мен қоғамдық орындар, саябақтар мен арықтар тазартылып, ретсіз өскен арам шөптер жойылды. Сонымен қатар, жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы техникалардың көмегімен шығарылып, белгіленген орындарға жеткізілді. Мекемелер мен ұйымдар өз ғимараттарының айналасын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Ауылдық округтерде де тазалық шаралары қарқынды өтті. Қураған ағаштар кесіліп, ескі бұталар алынып тасталды. Кейбір елді мекендерде электр бағаналарындағы босап қалған желілер тартылып, инфрақұрылым жүйелері де ретке келтірілді. Бұл жұмыстар ауыл келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етті.
Жалпы, сенбілік – қоғамның қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертетін, жауапкершілікті арттыратын маңызды қадам. Осындай игі бастамалар арқылы табиғатты аялау мәдениеті қалыптасып, туған жерге деген жанашырлық нығая түседі.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
09 сәуір 2026 ж. 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

№37 (10505)

19 мамыр 2026 ж.

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 172
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 733

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031