» » “ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР” КАДЕТ СЫНЫБЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТКІЗІЛДІ

“ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР” КАДЕТ СЫНЫБЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТКІЗІЛДІ


15 мамыр күні Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінде ел қауіпсіздігі жолында ерен еңбек еткен, төтенше жағдайлар қызметінің ардагері Жеткерген Әжмағанбетовтің құрметіне арналған «Жас құтқарушылар» сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Тағылымды шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету, алғашқы көмек көрсету дағдыларын дамыту және құтқарушы мамандығына қызығушылығын арттыру.

Салтанатты жиынға Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Өмірбек Жанабайұлы Сақтабаев, құқық қорғау саласының ардагерлері, аудандық білім бөлімінің өкілдері, ардагер ұстаздар мен қадірлі қонақтар қатысты.

Шара барысында Мемлекеттік Ту енгізіліп, Әнұран орындалды. Қонақтарға сөз беріліп, жас құтқарушыларға куәліктер табысталды. Сонымен қатар, оқушылар ант қабылдап, патриоттық рухтағы көріністер мен өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.

Жиын соңында арнайы кабинет ашылып, қонақтар жаңа сыныппен танысты. Бұл бастама — жас ұрпақты батылдыққа, жауапкершілікке, елге қызмет етуге тәрбиелейтін маңызды қадам.

«Жас құтқарушылар» сыныбы — қауіпсіздік пен ерліктің, тәртіп пен патриотизмнің мектебі.

18 мамыр 2026 ж. 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 130

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930